Қызылорда облысы медицина қызметкерлерінің сайты


Дәрігер мен мейірбике мақалалары


Психиатриядағы мейірбикелік үдерістер

Психиатриялық көмектегi мейiрбике емдеу мекемесiнiң басқа қызметкерлерiмен қатар уақыттың көп бөлiгiн пациенттермен өткiзедi. Ол науқастың дертке, сондай-ақ әлеуметтiк және басқа проблемаларға байланысты күйзелiстерiн жақсы бiледi. Мейiрбике науқасты бағалаусыз сол күйiнде қабылдауы тиiс.
Психиатриялық сала пациенттерiмен тiлдесу мүмкiн емес жағдайлар да болады. Мұндай кезде пациенттi мәжбүрлi тежеу, нейролептиктердi енгiзу арқылы “фармакологиялық байлау” немесе тура байлау арқылы бекiту қарастырылған.
Мейiрбикелiк үдерiстiң кезеңдерiне сәйкес науқастарға мейiрбикелiк көмек көрсету кезiнде шешiм қабылдау және оның проблемасын шешу үшiн мейiрбике өз нобайын иеленедi. Мейiрбикенiң диагнозы оның iс-әрекетiнiң ажырамас бөлiгi.
Психиатриялық пациенттерге мейiрбике мынадай диагноз қоя алады:
1. Бейiмделу (адаптация) бұзылыстары
2. Үмiтсiздiк
3. Көру, есiту, тактилдiк, иiс сезу қабылдау бұзылыстары
4. Өзiн бағалау бұзылысы
5. Өзiн талдау, өзiн бақылау және өзiн тану қабiлетiнiң бұзылысы
6. Қарым-қатынас бұзылысы
7. Әлеуметтiк оқшаулану
8. Стресстiк синдром және т.б.  


Гульжан Жайсанбаевна ЕРМАГАНБЕТОВА,
мейірбике,
№4 әйелдер бөлімшесі,
облыстық психоневрологиялық аурухана

Сурет health.pnzreg.ru сайтынан алынды

 

Категория: орта буын медицина қызметкерлерінің мақалалары | Добавил: психолог (20.01.2015)
Просмотров: 1872 | Теги: гульжан, ермаганбетова, мейірбике диагнозы, мейірбикелік үдерістер | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]