Әсіресе крупозды пневмониясы (өкпе қабынуы) бар науқастарға мейірбикелік күтім жоспары маңызды. Кесел екі өкпені де зақымдайды және тез үдеуге бейім. Дерттен жазылу уақыты мен асқынулардың даму жылдамдығы мейірбикелік күтімге елеулі тәуелді болады.
Науқастардың мынадай шағымдары ескеріледі:
- қалтырап-дірілдеумен бірге температураның жоғарылауы, ылғалды немесе құрғақ жөтел, ентігу, қоңыр түсті қақырықтың пайда болуы, кеуде клеткасындағы ауыру;
- бозарған тері, нашар хәл, ыңырсып тыныс алу, тыныс алуға мускулатураның қатысуы.
Екінші реттік симптомдар:
- тәбеттің төмендеуі;
- бас ауруы;
- бас айналу;
- жүректің жиырылу жиілігінің артуы (тахикардия);
- созылмалы дерттердің асқынуы;
- дімкәстану.
Мейірбикелік күтім:
- науқастың жалпы жағдайы жақсарғанша төсек режімі;
- сүт-өсімдік диетасын ұйымдастыру;
- пациенттің ішкен сұйығын қадағалау;
- науқастың қақырықты сұйылтатын және оны түсіретін бұйымдарды қабылдауын қамтамасыз ету;
- дәрігер ұсынған симптоматикалық препараттарды беру;
- науқас үйінде болса медицина қызметкерінің белсенді қарауын ұйымдастыру.
Ал пациент ауруханада жатса мейірбике науқастың төсектегі кейіпін, дәрігер нұсқаған дәрілік препараттар мен процедураларды қабылдауын бақылайды.
Гульзат Максутовна НИЯЗОВА,
мейірбике,
күндізгі стационар,
“Тоқабай” дәрігерлік амбулаториясы,
“Амбулаториялық-емханалық қызметі бар
Арал аудандық орталық ауруханасы” ШЖҚ МКК,
Арал ауданы
Сурет www.nvgazeta.ru сайтынан алынды
|