ПБЗ-ды (психикалық белсендi заттарды – алкогольдi, есiрткiнi, темекiнi және т.б.) тұтынатын адамдарда “Мен” сезiмi әлсiз, нашар дамыған болады. Оларда жасырын қорқыныштар немесе алаңдаулы жай-күйлер, өзiн төмен бағалау кездеседi.
Мейiрбикелiк ұзақ мерзiмдi мақсатқа науқас ауруханадан шыққанда өзiне, өз жеке мiнез-құлқына жауапкершiлiк қабылдап, ПБЗ-ты тұтыну мен жеке проблемалары арасына байланысты проблеманы мойындауы жатады.
Мейiрбикелiк араласулар:
1. Мейiрбике-сырқат қатынасы арасында берiк сенiм орнату.
2. Сырқатқа оның “сiз емес, сiздiң мiнез-құлқыңыз жағымсыз” деген позицияны түсiнетiнiне көз жеткiзу.
3. Науқастың ПБЗ-ты шектен тыс қабылдау бойынша бұрыс ұғымдарына, мысалы “Мен маскүнем емеспiн, арақ iшудi кез-келген күнi тоқтата аламын. Одан басқа мен тек сыраны ғана iшемiн” сияқты мифтерiнiң жалған екенiне көзiн жеткiзу.
4. ПБЗ-ты тұтыну мен жеке проблемаларының арасында байланыс барын сырқатқа мойындатуға бағытталған шаралар.
5. Науқасты топтық iс-әрекетке қатысуға жұмылдыру (мәселенi топтық талқылау).
6. Сырқаттың өз кеселiн жеке талдаумен айналысқан және өз мiнез-құлқына жауапкершiлiктi алған кезiн дереу оңды марапаттау.
Санимкул Сахитжановна ТУРГАЗИЕВА,
мейірбике,
№4 наркологиялық бөлімше,
“облыстық наркологиялық орталығы” МКҚК
Сурет grandex.ru сайтынан алынды
|