Қызылорда облысы медицина қызметкерлерінің сайты


Дәрігер мен мейірбике мақалалары


Пародонтоз, пародонтит туралы. Мейірбике кеңесі

Пародонт – бұл тісті ұстап тұратын тіндер. Оған сүйек, қызыл иек, шырышты қабық және байламдар жатады. Пародонтит – бұл тісті қоршаған тіндердегі қабыну үдерісі (процесі). Пародонтитті тіс-жақ жүйесінің тісжегіден (кариестен) кейінгі таралуы бойынша екінші орындағы кесел деп есептейді.
Пародонтит тістің тірек аппаратының бұзылуы туындайтын жұқпалы дерт болып табылады. Пародонтитте жұқпа (инфекция) тіс пен қызыл иек аралығындағы қуысқа түсіп, сүйекпен бірге тіс түбірінің байламдарын бұза бастайды.
ДДСҰ (дүниежүзілік денсаулық сақтау Ұйымы) мамандарының пікірінше жер шарындағы ересектердің 100%-інде және балалардың 80%-інде пародонтиттің сол немесе басқа белгілері байқалады.
Пародонтит ересек жаста тістен айрылудың ең негізгі себептерінің бірі болып табылады.
Пародонтоздың туындау себептері соңына дейін толық зерттелмеген. Дегенмен тектік бейімділік белгілі бір рөл атқарады. Пародонтоз кейде басқа патологиялардың жанында мысалы, атеросклерозда, қант диабетінде, гиповитаминозда дамиды.
Профилактикасы - стоматолог бақылайтын ауыз қуысына лайықты күтім жасау.   

Алмакуль Касымбековна ЖУМАНОВА,
мейірбике,
“облыстық тіс емханасы” РММ

Сурет www.startsmile.ru сайтынан алынды

 

 

Категория: орта буын медицина қызметкерлерінің мақалалары | Добавил: психолог (07.04.2015)
Просмотров: 1965 | Теги: пародонтит, пародонтоз, алмакуль, жуманова | Рейтинг: 5.0/1
Всего комментариев: 0
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]