Қызылорда облысы медицина қызметкерлерінің сайты


Дәрігер мен мейірбике мақалалары


Парафиндік аппликациялар

Парафиндік аппликациялар арқылы емдеу тәсілінің мәні тіндерге жылу арқылы ықпал ету. Парафиндік аппликациялар ауыруды жою, қабынуды алып тастау, тіндердегі лимфо- және қан айналуын жақсарту, метаболикалық үдерістерді ынталандыру, сондай-ақ бұлшықет қатаюын алып тастау үшін қолданылады.
Парафиндік аппликациялар негізінен тірек-қимыл аппаратының кеселдерін емдеуде кең пайдаланылады.
Парафиндік емге қарсылықтар болады, бұл – ІІ-ІІІ сатыдағы гипертониялық ауру (ГА), қатерсіз және қатерлі ісіктер, жедел қабынулы кеселдер, туберкулез, бауыр циррозы, эндокриндік дерттер мен қан кетуге бейімділік.
Парафин өз бойында жылуды ұстап тұру және оны бөлу қасиеттеріне ие, соның нәтижесінде тіндерге қыздырушы эффект береді.
Парафиндік аппликацияларға арнайы ақ парафин қолданылады. Ол тек құрғақ теріге жағылады.
60-80оС температурада парафин сұйыққа айналады. Оны 55-60оС-ге дейін суытып, бояу жаққышпен ауырған орынға жағады. Орташа парафин 1-2 см қалыңдықта жағылады. Парафиндік аппликацияның бір сеансы орта есеппен 30-60 минутке созылады.   

Бибигуль Бахтыбековна АРЫНОВА,
мейірбике,
физиотерапевтік кабинет,
“№5 қалалық емхана” ШЖҚ МКК

Сурет otzyv.pro сайтынан алынды

 

Категория: орта буын медицина қызметкерлерінің мақалалары | Добавил: психолог (05.04.2015)
Просмотров: 835 | Теги: арынова, парафиндік аппликациялар, ГА, бибигуль | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]