Қызылорда облысы медицина қызметкерлерінің сайты


Дәрігер мен мейірбике мақалалары


Пациенттің терісіне күтім жасау. Тері ойылуының алдын алу

Таза тері қалыпты қызмет етеді. Бұл үшін таңғы және кешкі туалет жасалуы тиіс. Терінің ластануына май мен тер бездерінің бөліністері, қасаң қабыршақтар, шаң, әсіресе қолтық астындағы және әйелдердегі сүт бездерінің астындағы нәрселер ықпал етеді. Шат терісі несеп-жыныс ағзалары мен ішектің бөліністермен ластанады. Пациентті аптасына 1 реттен кем емес ваннада немесе себезгі астында жуындыру қажет. Егер пациент қозғалыссыз болса және ванна немесе себезгі оған қарсылық етсе, онда күнделікті жуыну, дәрет алу, ас қабылдағаннан немесе әжетханадан соң қолды жуудан басқа, денені бөлек-бөлек жуу керек. Жуудан соң тері құрғатылып сүртіледі. Қолтық астын, шат аумақтарын, емшек асты тері қатпарларын күнделікті жуу қажет. Әсіресе көп терлеуден жапа шегетін етжеңді, семіз адамдарға мұны жиі жасауы тиіс. Өйткені олардың терілерінде түлеу жиі ұшырасады.

Айжамал Султановна ИЗТАЕВА,
мейірбике,
“Мәдениет” бөлімшесі,
“Амбулаториялық-емханалық қызметі бар
Жалағаш аудандық ауруханасы” ШЖҚ МКК,
Жалағаш ауданы

Сурет www.aptekivita.ru сайтынан алынды

 

 

Категория: орта буын медицина қызметкерлерінің мақалалары | Добавил: психолог (24.03.2015)
Просмотров: 3529 | Теги: айжамал, теріге күтім жасау, тері ойылуы, изтаева | Рейтинг: 2.0/2
Всего комментариев: 0
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]