Қызылорда облысы медицина қызметкерлерінің сайты


Дәрігер мен мейірбике мақалалары


Пациентті мейірбикелік тексеру әдістері

Мейірбике науқасты тексеру барысында ол туралы өзіне қажетті ақпараттарды жинайды. Оны субъективтік, объективтік және қосымша тексеру әдістері арқылы алады.
Субъективтік тексерудің мәні пациентке, оның туыстарына сұрақ қою, науқастың медициналық құжаттарымен (ауру тарихынан үзінді, анықтама, амбулаториялық сырқаттың медициналық картасы) танысу.
Пациентпен қарым-қатынас жасағанда толық ақпаратқа қанығу үшін мейірбикенің мынадай принциптерді ұстанғаны жөн:
- сұрақтарды алдын ала дайындау. Бұл олардың қарым-қатынасын жеңілдетеді және маңызды детальдары ұмытпауға ерік береді;
- пациентті ыждағатты тыңдау, оған мейірім таныту;
- науқас адам мейірбикенің өз проблемаларына, шағымдарына, күйзелістеріне қызығушылық танытқанын сезінуі тиіс;
- сұрастырар алдында пациентті қысқа мерзімді үндемей бақылау пайдалы, бұл оған өз ойын жинақтауға, айналадағы жағдайға бойының үйренуіне мүмкіндік силайды. Медицина қызметкері бұл уақытта науқастың жағдайы туралы өзіне ұғым қалыптастырады.
Сұхбаттасу кезінде кейін маңызды ақпаратты ұмытпау үшін қысқа жазулар жазу ұсынылады.
Сұрастыру кезінде мейірбике науқастың шағымдарын, кесел анамнезін (қашан басталды, қандай симптомдардан, дерт дамығанда сырқаттың жағдайы қалай өзгерді, қандай дәрілік препараттарды қабылдады), өмір анамнезін (бұрын бойдан кешкен аурулар, тұрмыс, тағамдану ерекшеліктері, зиянды әдеттердің, аллергияның немесе созылмалы кеселдерінің болуы) пысықтайды.
Объективтік зерттеуде науқастың сыртқы түрін бағалайды (бет-әлпет білінісі, керуеттегі немесе орындықтағы кейіпі және басқалары), ағзалар мен жүйелерді тексеру, функционалдық көрсеткіштерді анықтауды (дене температурасы, артериалдық қысымы – АҚ, жүректің жиырылу жиілігі – ЖЖЖ, тыныс алу қозғалысының жиілігі – ТАҚЖ, бойы, дене массасы, өкпенің өмірлік сиымдылығы - ӨӨС және т.б.) атқарады.          

Гулмира АСКАРОВА,
мейірбике,
офтальмологиялық кабинет,
“№3 қалалық емхана” ШЖҚ МКК

Сурет fb.ru сайтынан алынды

 

Категория: орта буын медицина қызметкерлерінің мақалалары | Добавил: психолог (27.08.2015)
Просмотров: 3358 | Теги: ЖЖЖ, гулмира, АҚ, мейірбикелік тексеру, аскарова, ӨӨС, ТАҚЖ | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]