Қызылорда облысы медицина қызметкерлерінің сайты


Дәрігер мен мейірбике мақалалары


Отбасын жоспарлауға еркектердің қатысуы

Соңғы он жылдықта отбасын жоспарлау мен сексуалдық және ұрпақ өрбіту денсаулығындағы еркектердің рөлін бағалауда елеулі өзгерістер болып өтті.
Идеалды жағдайда серіктестер тең дәрежеде бала көтеруге қарсы бұйымдарды таңдауда және оны қолдануда бірдей жауапкершілік арқалауы тиіс.
Отбасын жоспарлау үдерісіне еркектердің қатысуы мыналарды көздейді:
- әйелдің және өзінің денсаулығын сақтау үшін отбасын жоспарлау тәсілі туралы шешім қабылдаудағы тең жауапкершілік;
- қауіпсіз жыныстық мінез-құлықты қамтамасыз ету;
- әйел таңдаған контрацепцияның сол немесе басқа тәсіліне келісім беру;
- жүктіліктен және жыныс жолдары арқылы жұғатын кеселдерден барынша кепілді сақтану үшін контрацепцияның паралелльді әдісін қолдануға дайындық.
Еркектерге арналған контрацепция тәсілдері: механикалық (кедергілік) – мүшеқап; хирургиялық (вазэктомия); мінез-құлықтық, үзілісті жыныстық акт.   

Сабира Шермаганбетовна НУРМАГАНБЕТОВА,
акушерка,
“№4 қалалық емхана” ШЖҚ МКК

Сурет www.moirebenok.ua сайтынан алынды

 

Категория: орта буын медицина қызметкерлерінің мақалалары | Добавил: психолог (03.04.2015)
Просмотров: 962 | Теги: вазэктомия, нурмаганбетова, контрацепция, отбасын жоспарлау, сабира | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]