Статистика бойынша ғаламшарымыздың әрбір екінші тұрғыны остeохондроздан жапа шегеді. Остеохондроз – бұл омыртқаның, турасында оның байламдық аппаратының кеселі. Бұл кезде омыртқааралық сіңірлердегі зат алмасу бұзылады. Остеохондроздың пайда болуына көптеген факторлар жетелейді.
Олардың маңыздылары:
1. Ата-тек. Тек бойынша омыртқааралық сіңірдің құрылымы беріледі, бұл жағдайда кеселге бейімділік пайда болады.
2. Арқаның ауырулары. Бұл омыртқаның қисаюы (сколиоз, кифоз, лордоз) және арқаның кең бұлшықетінің әлсіздігі.
3. Бір сарынды немесе ауыр еңбек. Бұл кесел ұдайы бір кейіпте жұмыс істейтіндерде кездеседі.
4. Жарақаттар немесе зат алмасу бұзылыстары. Әдетте авитаминоздың немесе гиповитаминоздың омыртқа сіңірлеріне елеулі зиян келтіруі мүмкін.
Алдын алу
Омыртқаны нығайту үшін ең алдымен спортпен, тым болмаса гимнастикамен ұдайы айналысу керек. Бұл арқаның бұлшықет корсетін дамытуға және қан айналысын жақсартуға жәрдемдеседі. Келесісі – бой тіктеуін және жүрісті қадағалау, бүкіреймеу керек. Тегіс жерде жатқанда омыртқа тіктеледі. Бір текті отырып жұмыс істегенде әрбір екі сағат сайын үзіліс жасаған жөн.
Теңестірілген, дәруменделген тамақ ішу, артық салмақтан арылу остеохондроздың алдын алуға жақсы көмектеседі.
Асылзат Райхановна ДАРИБАЕВА,
невропатология кабинетінің мейірбикесі,
“Амбулаториялық-емханалық қызметі бар
Арал аудандық орталық ауруханасы” ШЖҚ МКК
қарасты емханасы,
Арал ауданы
Сурет www.nanoplast-forte.ru сайтынан алынды |