Қызылорда облысы медицина қызметкерлерінің сайты


Дәрігер мен мейірбике мақалалары


Оқушылардың қатты шаршауының алдын алу

Оқушының оқу күні елеулі ақыл-ойлық және эмоционалдық жүктемеге толы. Мектептегі кернеу мен статикалық кейіпте ұзақ болу оқушының қатты шаршауына және оған күш түсуіне жетелейді. Дәл осы қатты шаршау нервтік, психосоматикалық және басқа жедел мен созылмалы кеселдердің дамуына алғышарттар жасайды.
Жоғары науқастылықтың пайда болуы мен дамуының болуы мүмкін себептерінің біріне оқушының ақыл-ойлық зорығуы жатады. Ақпараттың шектен тыс артықтығы баланың оны қабылдамауына және ештеңені есте сақтамауына әкеледі.
Әсіресе қатты шаршауға кіші мектеп жасы бейім, өйткені бірінші сынып оқушысына жаңа жоғары талаптар қойылады, ақыл-ойлық жүктемелер арта түседі, жауапкершілік күшейді.
Келесі қауіпті белес – жоғары сыныптар. Өтпелі кезеңде жасөспірімдердің гормоналдық фоны өзгереді – организм онсыз да стресс жағдайында ұдайы болады, ал интеллектуалдық жүк оның жұмысын екі есеге қиындатады.
Шаршау мен қажудың пайда болуында оқу жүктемелеріне бейімделу кезеңдерінің маңызы зор.
Алдын алу шаралары:
- баланың дұрыс күн режімінің болуы. Мұндағы маңыздысы – ұйқы мен оның ұзақтығы жас шамасына сәйкес қатаң сақталуы тиіс.
- оқушының жұмыс орынын дұрыс ұйымдастыру.
- ақыл-ойлық және денелік жүктемелерді кезектестіріп отыру.
- оқушының дұрыс тамақтануы. Оның тәулігіне 4-5 рет болуы керек.
- компьютерде отыру уақытын реттеу.
- балаға көтеріңкі талаптар қоймау.
- иммунитетті нығайту.          

Кунсулу Камаловна КУДАЙБЕРГЕНОВА,
мектеп мейірбикесі,
№253 орта мектеп

Сурет femina.by сайттан алынды

 

 

Категория: орта буын медицина қызметкерлерінің мақалалары | Добавил: психолог (23.08.2015)
Просмотров: 1656 | Теги: кудайбергенова, кунсулу, алдын алу, оқушының қатты шаршауы | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]