Қызылорда облысы медицина қызметкерлерінің сайты


Дәрігер мен мейірбике мақалалары


Оқушыдағы жақыннан көргіштіктің алдын алу

Жанардың бұзылысын бой түзілісінің бұзылысы сияқты оқушыға тән кеселдер қатарына жатқызады. Офтальмолог дәрігерлер жақыннан көргіштіктің себебі ретінде мектептегі және үйдегі сабақтарды орындау кезінде көз жұмысына қолайсыз шарттарды айтады.
Жақыннан көргіштіктің алдын алуда ең алдымен балалар мекемелері мен мектеп пен үйдегі жұмыс орындарын жарықпен оңтайлы қамтамасыз етуге, жанарлық жұмыс нысандарында белгілі талаптардың орындалуына, сабақ кезінде балаларды дұрыс отырғызуға, ой еңбегі мен тынығу режімін сақтауға жете мән берілгені жөн.
Оқушылардың жас шамасына қарай көз бен кітап немесе дәптер арасындағы қашықтық 26-35 см болуы тиіс. Оқу режімінің үздіксіз ұзақтығы бастауыш мектеп оқушыларында – 15-20 минут, ортаңғы буын оқушыларында – 25-30 минут, жоғары сынып оқушыларында – 45 минут болуы міндетті.
Оқушылардың компьютерлік техникамен жұмыс істеуі де көзге жүк артады. Сондықтан 1 сынып үшін онымен жұмыс істеу – 10 минут, 2-5 сынып үшін – 15 минут, 6-7 сынып үшін – 20 минут, 8-9 сынып үшін – 25 минут болуы керек. 10-11 сыныптың оқушылары үшін компьютерді қолдану уақыты – сабақтың алғашқы сағатында 30 минут, екінші сағатында – 20 минут болуы қажет.
Жақыннан көргіштіктің жоғары дәрежесі бар (3,0 Д-дан артық) оқушылар дене шынықтыру сабақтарын дайындық тобында, ал жоғары жақыннан көргіштігі барлар – жеке бағдарлама бойынша арнайы топта өтеді.         

Ардак Дастановна ТАСМАГАМБЕТОВА,
мектеп мейірбикесі,
№171 Ғ.Мұратбаев атындағы орта мектеп

Сурет azbyka.r сайтынан алынды

 

Категория: орта буын медицина қызметкерлерінің мақалалары | Добавил: психолог (16.08.2015)
Просмотров: 1569 | Теги: Ардак, алдын алу, жақыннан көргіштік, тасмагамбетова | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]