Бірiнші топ – қалыпты дамуы мен функциялардың қалыпты деңгейі бар балалар, созылмалы кеселдері жоқ, бақылау кезеңінде ауырмаған немесе сирек сырқаттанғандар. Бұл топқа кіретіндерге оқу, еңбек және спорт әрекеті еш шектеусіз ұйымдастырылады.
Екінші топ – дені сау, бірақ функционалдық және кейбір морфологиялық ауытқулары бар және жедел мен созылмалы кеселдерге төмендеген қарсылық көрсететін балалар. Жиі (жылына 4 рет және одан да көп) немесе ұзақ (бір кесел бойынша 25 күннен астам) ауыратындар.
Қауіп тобына кіретін бұл топтағы балалар дәрігердің мұқият назарында болады. Олар организмнің резистенттілігін көтеретін ерекшеліктік емес бұйымдармен сауықтыру шараларының кешеніне мұқтаж:
1) оңтайлы қозғалыс белсенділігі;
2) табиғаттың табиғи факторларымен шынықтыру;
3) рационалды күн режімі;
4) тағамдық азық-түліктерге қосымша дәрумен енгізу және т.б.
Үшінші топ – компенсация жағдайындағы созылмалы дерттері бар балалар.
Төртінші топ – субкомпенсация жағдайындағы созылмалы кеселдері бар балалар.
Бесінші топ – декоменсация жағдайындағы созылмалы кеселдері бар балалар. Шарт бойынша мұндай топтағы балалар балалар мекемелеріне бармайды және жаппай медициналық тексеруден өтпейді.
3-ші, 4-ші және 5-ші денсаулық тобындағылар түрлі мамандықтағы дәрігерлерде диспансерлік бақылауда тұрады. Балалар мекемелерінде оларға аяулы күн режімі, ұзағырақ тынығу тағайындалады. Физикалық жүктеменің көлемі мен қарқындылығы шектеледі.
Жамила ДУЙСЕНБИЕВА,
мектеп мейірбикесі,
“Байкенже” ауылы,
Жаңақорған ауданы
Сурет www.womie.ru сайтынан алынды
|