Өкпе ісінуін жүректік астмадан ажырата білген жөн.
Жүректік астманың клиникалық біліністері: жиі беткейлі тыныс алу, дем шығару қиындықсыз, кейіпі – ортопноэ, өкпеге аускультация жасағанда құрғақ немесе ысқырулы сырылдар.
Өкпенің альвеолярлық ісінуіндегі клиникалық біліністер: тұншығу, құрқылдаған тыныс алу, ортопноэ, терінің бозаруы, көгеруі, тері жамылғыларының дымқылдануы, тахикардия, көпіршікті, кейде қанға боялған көп көлемдегі қақырықтың бөлінуі.
Шұғыл көмек
1) науқасқа отыру кейіпі беріледі, аяқтарына бұрау салынады. Науқасты тыныштандырып, таза ауаның келуін қамтамасыз ету қажет;
2) 1 мл физиологиялық ерітіндіге немесе глюкозаның 10% - 5,0 мл ерітіндісіне ерітілген морфиннің 1% - 1,0 мл ерітіндісін енгізу;
3) әрбір 15-20 мин сайын 0,5 мг нитроглицеринді тілдің астына беру (3 ретке дейін);
4) қан қысымын бақылай отырып фуросемидтің 40-80 мг-н вена ішіне енгізу;
5) жоғары қан қысымында физиологиялық ерітіндінің 20 мл-інде ерітілген пентаминнің 5% - 1-2 мл ерітіндісін 3-5 мл-ден 5 мин аралықта вена ішіне енгізу; 20 мл физиоерітіндіде ерітілген клофелиннің 0,01% - 1,0 мл ерітіндісін енгізу;
6) оксигенотерапияны реттеу – масканың немесе мұрындық катетердің көмегімен ылғалданған оттегін ингаляциялау;
7) 33% этил спиртінде ылғалдаңған оттегі ингаляциясын жасау немесе 33% этил спиртінің 2 мл-ін вена ішіне енгізу;
8) вена ішіне 60-90 мг преднизолон салу;
9) терапиядан ықпал болмағанда, өкпенің ісінуі үдегенде, қан қысымы төмендегенде өкпені жасанды желдендіру (ӨЖЖ);
10) науқасты госпитализациялау.
Гульнар Ерлегеновна АХМЕТОВА,
шақыру фельдшері,
Қызылорда қалалық дәрігерлік жедел жәрдем стансасы
Сурет www.kardi.ru сайтынан алынды
|