Қызылорда облысы медицина қызметкерлерінің сайты


Дәрігер мен мейірбике мақалалары


Өкпенің инфильтративті туберкулезі

Дене қызуының көтерілуінсіз ұзаққа созылған жөтел, қақырықпен бірге қанның бөлінуі және адамның нашар жалпы хәлі өкпе тінінің микобактериямен жұқпалануымен байланысты болуы мүмкін.
Көбіне өкпенің инфильтративті туберкулезі дамиды. Ол тез үдемелі ағынмен және жалпы уыттану мен тыныс алу тапшылығының анық білінетін клиникалық белгілермен сипатталады. Бұл кезде альвеола ішінде тіннің ыдырау үдерісі (процесі) жүреді. Инфильтративті туберкулез ұзаққа созылғанда жұқпаның қан ағысымен бірге басқа ағзалар мен жүйелерге таралуы мүмкін.
Фтизиатр дәрігерлерінің барлық пациенттерінің 80%-тен астамы микобактерия жұқпасының осындай түрінен жапа шегеді. 
Кесел әлеуметтік-қауіпті жағдайға жатады. Бұл кеселмен негізінен қолайсыз психологиялық, әлеуметтік және материалдық жағдайындағы отбасы мүшелері ауырады. Егер адам алкоголизмнен, есірткіге құмарлықтан жапа шегетін болса және жеке гигиена ережелерін сақтамаса, олардың арасында дерттің таралуы тез өтеді.
Өкпенің инфильтративті туберкулезі аса жұқпалы, өйткені науқас адамның қақырығымен бірге микобактериялардың өте белсенді формалары бөлінеді. Олар тіпті иммунитеті күшті адамдарды да зақымдауы мүмкін.
Әсіресе инфильтративті туберкулез ыдырау сатысында аса қатерлі. Ерекшеліктік емде арнайы туберкулезге қарсы препараттар қолданылады. Өкпеде ыдырау болғанда хирургиялық операция жасалады. 

Гаухар Ибрагимқызы ИБРАГИМОВА,
№8 аймақтың мейірбикесі,
Қалалық туберкулезге қарсы диспансер

Сурет forbes.ua сайтынан алынды

 

Категория: орта буын медицина қызметкерлерінің мақалалары | Добавил: психолог (02.04.2015)
Просмотров: 2639 | Теги: өкпенің инфильтративті туберкулезі, Гаухар, ибрагимова | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]