Туберкулезге шалдыққан сырқаттарға күтім жасауда олардың тамақтануына аса зор мән беріледі. Диета организмнің қорғаныс күштерінің нығаюына ықпал ететініндей, ақуыздар мен дәрумендерге бай (ет, балық, ірімшік жемістер, көкөністер, шырындар) болуы тиіс, жануар ақуыздары рациондағы жалпы белоктың ең кемі жартысындай болуы керек. Бес мәрте тамақ беріледі.
Науқастардың санитарлық-гигиеналық режімін сақтауы, дәрігер нұсқаған дәрілік препараттардың толыққанды және дер кезінде қабылдануы қадағаланады. Сырқаттың қақырығы тығыз жабылған қақпағы бар ыдысқа жиналады, одан соң зарарсыздандырылады.
Науқастың дене қызуы көтерілгенде – қызбасы бар сырқаттардағыдай күтім жасалады, туберкулез таяқшаларын бөлетін науқастардың киімі, төсегі және ыдыс–аяқтары зарарсыздандырылады.
Мол терлеуде ауру адамның киімі мен төсегін алмастыру қажет.
Сырқаттың тыныс алуы, тамыр соғуы, артериалды қысымы, салмағы, қақырық сипаты (онда қанның болуы), емдік дене шынықтырудың өткізілуі бақыланады.
Сырқат қан түкіргенде, өкпеден қан кеткенде алғашқы жәрдем беріліп, психологиялық көмек көрсетіледі.
Алия Нажмадиновна ПАХРАДИНОВА,
флюорокартотека мейірбикесі,
“№5 қалалық емхана” ШЖҚ МКК
Сурет www.inva-life.ru сайтынан алынды
|