
Пневмония – бұл өкпе альвеолаларын мiндеттi түрде зақымдаумен өтетiн қабыну үдерiсi (процесi).
Өкпе қабынуына пневмония-алды кезең (дене қызуының 39-40оС-ге дейiн көтерiлуi, әлсiздiк, ұйқы мен тәбет бұзылуы, құрғақ жөтел, ентiгу), жедел фаза (сырқаттың хәлi уыттануға байланысты ауыр, тыныс алу жиiлiгi минутына 30-40, тахикардия, гипертермия, ылғалды жөтел) және шешiлу кезеңi (сырқаттың жай-күйi бiртiндеп жақсарады, дене қызуы қалыпқа келедi, жөтел ылғалды болады) тән.
Пневмонияны нақтылаудың негiзгi тәсiлдерiнiң бiрi - өкпенi рентгенологиялық зерттеу.
Мейiрбикелiк күтiм
1. Көптеген жағдайларда өкпе қабынуы бар адамдар ауруханаға жатқызылады. Қызба кезiнде оған төсек режiмi нұсқалады.
2. Науқастың бөлмесi жылы, жақсы желдетiлген күйде болуы тиiс. Науқасқа әрбiр 2 сағат сайын бiр бүйiрiнен екiншi бүйрiне жатқызу, оған жартылай отыру кейiпiн беру қажет.
3. Сырқаттың физиологиялық бөлiнiстерiнiң реттi болғаны қадағаланады.
4. Қызба кезiнде көбiрек сұйық iшу нұсқалады. Темекi шегуге және алкогольдiк iшiмдiк iшуге мүлдем тиым салынады.
5. Сырқаттың тамыр соғысы мен тыныс алу жиiлiгi тұрақты есептеледi, қан қысымы өлшенедi.
6. Дене қызуы қалыпқа келiп, жай-күйi жақсарғанда тыныс алу гимнастикасы ұсынылады.
Мейрамгуль Кудайбергеновна КАРГАБАЕВА,
аға мейірбике,
№2 өкпе туберкулез бөлімшесі,
облыстық туберкулезге қарсы диспансер
Сурет pneumonija.ru сайтынан алынды
|