Қызылорда облысы медицина қызметкерлерінің сайты


Дәрігер мен мейірбике мақалалары


Никотиннің уытты әсері

Темекі түтінінде никотин болады. Бұл зат уытты және тыныс алу жолдарына, тіпті асқазанға түкірік арқылы жеңіл өтеді. Өкпе арқылы никотин қанға тез түседі және сол жерден тезірек миға жетеді.
Никотин қан қысымының көтерілуін шақырады және шеткі қан айналымды баяулатады. Егер темекі түтінін ондағы заттардың болуына талдау жасаса, тізім 4000 затқа дейін жетеді! Бұл тізімге уытты (токсикалық), канцерогендік, мутагендік, белсенді, фармакологиялық заттар кіреді. Оның қатарында көміртек оксиді, аммоний, диметилнитрозамин, акролеин, формальдегид, аммоний бар. Сигареттегі ең қауіпті химиялық зат – бұл қарамай.
Қарамай өкпеге аэрозоль түрінде түседі және кішкене тамшылар күйінде қордаланады.
Темекі шегетін адамдардың қатерлі ісікпен ауыруының негізгі себептері осылар. Көміртек оксиді артерия жақтауларын зақымдап, жүрек ұстамаларына жетелейді.
Темекі шегуден атеросклероз, гипертониялық ауру, гастрит, ойық жара, тромбофлебит, миокард инфаркті сияқты кеселдер де пайда болады. Табак бедеулікке де жетелейді.

Алима Жайылкановна РСАЛИЕВА,
мейірбике,
“облыстық наркологиялық орталық” МКҚК

Сурет sonnik.jofo.ru сайтынан алынды

 

 

Категория: орта буын медицина қызметкерлерінің мақалалары | Добавил: психолог (11.03.2015)
Просмотров: 1296 | Теги: рсалиева, көміртек оксиді, қарамай, никотин, темекі, алима | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]