Қуық қызметінің бұзылысы көбіне жұлын жарақаттанғанда, сирегірек оның басқа зақымдануларында – жаңғалықтық склерозда, ісіктерде, дискогендік миопатияларда, жұлын кебуінде пайда болады.
Қуықтың нейрогендік дисфункциясын емдеудің негізгі міндеттері:
1. Гидронефрозды және несеп жұқпасын болдырмау үшін қалдық зәрдің көлемін азайту және қуықтың зәр ағарлық рефлюксін төмендету.
2. Зәр ұстамауды азайту.
3. Қуықты босату тәулігіне 4-6 реттен жиірек болмайтындай етіп оның функционалдық сиымдылығын арттыру.
4. Зәр катетерінің тұрақты болуын мүмкіндігінше болдырмау.
5. Зәр қабылдағышты қуық деңгейінен жоғары көтеруге болмайды (әйтпесе қуықтың рефлюксінің туындауы мүмкін). Кейде зәр қабылдағышқа дезинфицирлеуші зат қосылады.
Зәр ағуын:
1) науқасты ерте белсенді етумен (жүру немесе кресло-сырғанағыш көмегімен жылжыту),
2) дене кейіпін жиі ауыстыру,
3) керуеттің бас жағын көтеру арқылы жақсартуға болады.
Казна Ибрагимовна АХМЕДОВА,
неврологиялық кабинет мейрбикесі,
облыстық кеңес беру-диагностикалық орталығы
Сурет www.miloserdie.ru сайтынан алынды
|