Тері ойылуы көбіне салданған (паралич) және сезіну бұзылыстары бар сырқаттарда дамиды. Ең ықпалды профилактика – дене кейіпін ұдайы өзгерту, оның ішінде – төсекте аударылып жату. Осылайша тері ойылуының алдын алу түгелдей күтімге байланысты болады.
Сүйектің шығыңқы тұстары (өкше, құйымшақ) ерекше қорғауды талап етеді. Созылмалы гидроцефалиясы бар балаларда бас терісінің ойылуына қарсы шаралар қолданылады.
Тері ойылуының профилактикасы үшін қой жүнінен жасалған, сулы матрастар және басқа жұмсақ материалдар қолданылады. Домалақ жастықшаларды пайдалануға болмайды. Өйткені оның дөңес орта бөлігінің тері ишемиясын шақыруы және тері ойылуының дамуына ықпал етуі мүмкін.
Терінің әрқашан құрғақ болуы тиіс. Әсіресе мұны зәрі ұстамайтын науқастарда қадағалайды. Тұрақты катетер болмағанда жаялық төсейді. Сау теріні сақтауға қажет шарт – толыққанды тамақтану.
Ісінуде тері жұқарады, ал оның қанмен қамтамасыз етілуі бұзылады. Тері жарылуының алдын алу үшін салданған қол-аяқтардың ісігінің профилактикасы мен емі қажет.
Казна Ибрагимовна АХМЕДОВА,
неврологиялық кабинет мейрбикесі,
облыстық кеңес беру-диагностикалық орталығы
Сурет stud-baza.ru сайтынан алынды
|