Неврологиялық бөлімшеде жұмыс істейтін мейірбикенің науқасқа жасалатын күтімді мақсатты жүзеге асыруы үшін оған пациенттің проблемаларын білуі тиіс. Өйткені мейірбикелік үдерістің мақсаты – организмнің негізгі қажеттіліктерін қанағаттанырудағы пациенттің тәуелсіздігін демеу және қалпына келтіру болып табылады.
Пациенттің негізгі проблемаларының мынадай болуы мүмкін: сананың (естің) бұзылуы, бас ауру, жүрек айну, құсу, өзіне күтім жасау тапшылығы (қатаң төсек режімі, парездер, параличтер), зәр бөлу мен дефекация бұзылыстары, эпилептикалық ұстама жағдайы, дерт бойынша және оның салдары жөнінде мазасыздану, торығу (депрессия), ұйқы бұзылысы, жалпы жағдайының тұрақсыздығына мазалану, сұйық стул, дәрі қабылдаудан себепсіз бас тарту, әлсіздік және с.с.
Сауле Есетовна ЖАКСЫБАЕВА,
мейірбике,
неврологиялық бөлімше,
“Апаттар медицинасының темір жол госпитальдары” АҚ-
“Қызылорда темір жол ауруханасы”
Сурет www.sleepnet.ru сайтынан алынды
|