Мейірбикелік үдерістің мақсаты – организмнің негізгі қажеттіліктерін қанағаттандырудағы пациенттің тәуелсіздігін демеу және қалпына келтіру. Пациенттің негізгі проблемаларының мынадай болуы мүмкін: сана (ес) бұзылысы, бас ауруы, жүрек айну, құсу, өзіне күтім жасау тапшылығы (қатаң төсек режімі, парездер, параличтер), зәр бөлу мен дефекация бұзылысы, эпилептикалық ұстама жағдайы, кесел және оның салдары бойынша мазасыздану, торығу (депрессия), ұйқы бұзылысы, жоғары ызалану, жалпы жағдайының тұрақсыздығына мазалану, сұйық стул, дәрілерді қабылдаудан себепсіз бас тарту, әлсіздік және т.б.
Мейірбикенің мыналарды қадағалауы тиіс:
- жалпы күтім ережелерін сақтау;
- салданған буындардың астына шектеулі қозғалыстың, ісіктердің, тері ойылуының болмауы үшін жұмыр білік қою;
- бас ауруында басына мұзы бар қауақ қою;
- қуығын дер кезінде босатуын қадағалау;
- науқасқа тамақ бергенде оған жату кейіпін (позасын) ұйымдастыру;
- құрысу ұстамасы кезінде сырқаттың жарақат алмауына қатаң көңіл бөлу.
Асылзат Райхановна ДАРИБАЕВА,
невропатология кабинетінің мейірбикесі,
“Амбулаториялық-емханалық қызметі бар
Арал аудандық орталық ауруханасы” ШЖҚ МКК
қарасты емханасы,
Арал ауданы
Сурет www.miloserdie.ru сайтынан алынды |