Копрограмма (нәжісті талдау) – нәжістің физикалық, химиялық және микроскопиялық сипаттамаларын зерттеу.
Нәжісті зерттеу асқазанның, ұйқы безінің, бауырдың қызметінің бұзылуын, қарын мен ішек арқылы астың жедел өтуінің болуын, ұлтабардағы және аш ішектегі сіңіру бұзылысын, ойық жараны, аллергиялық, спастикалық колитті анықтауға мүмкіндік береді.
Талдау мына жағдайларда нұсқалады:
1. Ас қорыту ағзаларының кеселдерін диагностикалау;
2. Жүргзілген емнің нәтижелерін бағалау.
Талдау тапсырардан 7-10 күн бұрын дәрілік препараттарды алып тастау керек (барлық іш босататын, висмут, темір препараттары, майлы негіздегі ректалдық балауыздар, ферменттер және с.с.). Алдында клизма жасауға болмайды. Асқазан мен ішекті рентгенологиялық тексеруден соң нәжісті талдау екі тәуліктен кейін ғана мүмкін болады.
4-5 күн бойына мынадай диетаны ұстану қажет: сүт, сүт өнімдері, жармалар, картоп пюресі, маймен бірге ақ нан, 1-2 жұмыртқа, аздаған жас жемістер.
Нәжісті ішекті өз бетінше босатудан кейін бір реттік тығыз жабылатын қақпағы бар пластиктік контейнерге жинайды. Зәрдің нәжіске араласпағаны жөн.
Нәжіс бар контейнерді лабораторияға материалды жинаған күні жеткізу және талдаудан бұрын тоңазытқышта (4-6Со) сақтау керек.
Айман ЕНСЕПОВА,
лаборант,
“Қызылорда қалалық ауруханасы” ШЖҚ МКК
Сурет medbooking.com сайтынан алынды
|