Сырқаттарды емдеу мен оларға жасалатын күтiм ықпалдылығында мейiрбикенiң моральдық және адамгершiлiктiк қасиеттерi маңызды рөл атқарады.
Сырқаттың ашулы, ызалы, қырсық, қыңыр, тез шамданғыш, кейде озбыр болуы ықтимал. Сондай-ақ олардың мәдениет пен тәрбие деңгейi әр түрлi болып келедi. Мұның бәрiн байыптылықпен және ұстамдылықпен қабылдау, науқас психикасын өз ықпал ету аймағына бiртiндеп тартып өзара қатынасты дұрыс бағытқа бұру, бастаманы өз қолына алу керек.
Науқаспен сөйлесе бiлу, онымен ортақ тiл табысу қабiлетi мейiрбикеге қажет басты кәсiби ептiлiктердiң бiрi. Бұл мол дайындықты, тәжiрибе жинақтауды, науқас психологиясын, өз мәдениетi мен әдебiн зерттеудi талап етедi.
Сырқаттың қойған сұрақтарына мейiрбике өз қызметтiк әкiлеттiлiгiнен аспай жауап беруi тиiс. Елеулi сұрақтар бойынша оны емдеушi дәрiгерге жолдаған жөн.
Медицина қызметкерiнiң тазалық пен ұқыптылықтың үлгiсi болуға тырысуы әбден қажет.
Баян Қазтаевна ЕГИЗБАЕВА,
мейірбике,
нәрестелер бөлімшесі,
облыстық балалар ауруханасы
Сурет www.minzdravao.ru сайтынан алынды
|