Қызылорда облысы медицина қызметкерлерінің сайты


Дәрігер мен мейірбике мақалалары


Науқастарды радиациядан қорғау мәселелері

Емдеу-профилактикалық мекемелерінде (ЕПМ) қолданылатын ионизирлеуші сәулелендіру көздерінің арасында ең кең тарағаны рентгендік диагностикалық аппараттар бөлетін рентгендік сәулелену болып табылады.
Бұл сәулелену елеулі өткізу қабілетін иеленіп, рентгендік процедуралар жүргізілетін пациенттерге қауіп төндіреді.
Сондай-ақ оның көршілес орналасқан бөлмелердегі адамдарға, пациенттерге зиянының тимеуі үшін орналасуы бойынша белгілі бір талаптар орындалады.   
Кабинеттің есіктері темірмен немесе қорғасынмен, қорғасындалған резеңкемен қапталады.
Пациенттердің радиациялық қауіпсіздігін сақтау әсіресе екі қабат әйелдерді, балалар мен жасөспірімдерді рентгенологиялық тексеру кезінде аса қажет. Рентгенологиялық зерттелуге жататын барлық пациенттер төрт санатқа жіктеледі:
1) Ад санаты – онкологиялық кеселдері және оған күмән барлар (жылдық шектік деңгей - 100 мЗв - милизаверт);
2) Бд санаты – онкологиялық емес науқастарда диагнозды нақтылау (жылдық шектік деңгей – 20 мЗв);
3) Вд санаты – қауіп тобындағы адамдар (жылдық шектік деңгей – 2 мЗв);
4) Гд санаты – профилактикалық тексерудің барлық түрі (жылдық шектік деңгей – 1 мЗв).
Сонымен науқастардың радиациялық қауіпсіздігі төмендегілермен қамтамасыз етіледі:
- сәулелендірудің тәсілін рационалды таңдау;
- сау тінге теріс әсерді азайту мақсатында сәуле шоғырын рационалды қалыптастыру.

Гульмараш Ергалиевна АБДРАХМАНОВА,
рентген-лаборант,
“№5 қалалық емхана” ШЖҚ МКК

Сурет x-raydoctor.ru сайтынан алынды

 

Категория: орта буын медицина қызметкерлерінің мақалалары | Добавил: психолог (05.04.2015)
Просмотров: 806 | Теги: пациенттердің радиациялық қауіпсізд, абдрахманова, гульмараш | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]