Деменция кезінде науқастардың фунционалдық қабілеттері бұзылады. Сол себепті мейірбикенің деменция белгілерін арттыратын факторларды білгені және бұларды мүмкіндігінше болдырмауға тырысқаны жөн. Олар:
- бейтаныс жерлер;
- ұзақ уақыт бойына жалғыздықта қалу;
- сыртқы стимулдардың және тітіркендіргіштердің көп саны (мысалы таныс емес адамдардың көбісімен жүздесу);
- қараңғылық (тіпті күндізгі уақытта сәйкесінше жарық керек);
- барлық жұқпалы кеселдер (көбінесе – зәр шығару жолдарының жұқпалары);
- оперативтік араласу мен наркоз (тек аболюттік көрсетілімдерде қолданылады);
- ыстық ауа райы (дене қызуы, сұйықтарды жоғалту);
- дәрілік препараттардың көп санын қабылдау.
Науқас өзіне күтім жасай алмаған кезде мейірбике бұған кедергі келтіретін факторларды анықтап, ақпарат жинауға және күтім жасау жоспарын құрастыруға отбасы мүшелерін тартады. Жалғыздық пен әлеуметтік оқшаулауды жою үшін мейірбике сарқаттарды жас шамасы, әлеуметтік-мәдени және коммуникативтік факторларды ескеріп палаталарға орналастырады.
Эльмира Амангельдиевна УРИСТЕМОВА,
медстатистик,
облыстық психоневрологиялық аурухана
Сурет www.likar.info сайтынан алынды
|