Нашақорлықтың алдын алу – бұл есiрткiлiк тәуелдiлiктiң жолын кесуге бағытталған шаралар жиынтығы. Есiрткiлiк тәуелдiлiк егер адам есiрткi туралы ойласа, оны белгiлi бiр сезiмдердi бойдан кешiру немесе психикалық жайсыздықты (дискомфортты) жеңу үшiн еркiнен тыс және тоқтаусыз ұмтылса болады.
Эйфорияға қол жеткiзу үшiн нашақор моральдық нормаларды белден басып, аттап өтедi, қылмыстық кодекстi бұзады, өз отбасын күйретедi. Нашақорға тән жасанды, эгоцентристiк қасиет, оның денесi титықтайды және тез ыдырайды. Нашақордың барлық қызығушылықтары тек есiрткiнi iздеп табу мен тұтыну болғандықтан, оның қатынасу аумағы антисоциалдық адамдардан тұрады.
Шынайы нашақордың достары, жұмысы, отбасы жоқ және ол қоғамға масыл болып келедi. Сондықтан қоғам тек адамгершiлiк мақсатта ғана емес, өзiнiң бақуаттылығы үшiн әрқашан нашақор пайызын азайтуға ұмтылады.
Ең қол жетiмдi және дер кезiндегi қадам - нашақорлықтың мектептегi профилактикасы.
Райхан Сламқалиқызы ДОСАЕВА,
мейірбике,
уақытша бейімдеу және уытсыздандыру орталығы,
“облыстық наркологиялық орталығы” ШЖҚ МКК
Сурет sigaretastop.ru сайтынан алынды
|