Қызылорда облысы медицина қызметкерлерінің сайты


Дәрігер мен мейірбике мақалалары


Наркологиялық кеселдері бар науқастардың мейірбикелік күтімі

Спирттiк iшiмдiктердi тұтыну нәтижесiнде алкогольдiк психоздар, алкогольдiк параноид, алкогольдiк делирий, алкогольдiк галлюциноз сияқты ерекше мейiрбикелiк күтiмдi талап ететiн жай-күйлер туындайды.
Мұндай науқастарға медициналық көмек көрсету кезiнде пациенттiң өзiне немесе айналасындағыларға тiкелей қауiп төндiретiн әрекеттердi болжап бiлу мүмкiн емес. Сондықтан дәрiгердiң шешiмi бойынша физикалық шектеу шаралары қолданылады. Бұл кезде медициналық қызметкер оларды ұдайы бақылауда ұстайды, шектеу түрi мен оның ұзақтығын дәрiгер белгiлейдi.
Мейiрбикеге науқастармен контактта болғанда сабыр сақтау, әдептi болу және қырағылық таныту аса қажет. Мейiрбике стационарға психомоторлық қозу жағдайында түскен науқастың денесiнде сызат, қанталау, сүйек сынуы бар-жоғын тексередi.
Қабылдау кезiнде науқастың бөлiмшеге өзiн жарақаттау немесе айналасындағыларға шабуыл жасауға қолдануы мүмкiн заттарды алып өтпеуiн қадағалайды. Нашақорлардың ауыз қуысын, шашын, құлағын есiрткi жасырмағанына тексередi.
Басты мiндет – дәрiгер нұсқауын мүлтiксiз орындау. Сырқаттарға басын көрпемен жауып ұйықтауға рұқсат етiлмейдi. Өйткенi олар айналасындағылардан жасырынып көйлегiнiң жеңiнен, жаймадан, сүлгiден мойнына тұзақ салуы мүмкiн.

Райхан Сламқалиқызы ДОСАЕВА,
мейірбике,
уақытша бейімдеу және уытсыздандыру орталығы,
“облыстық наркологиялық орталығы” ШЖҚ МКК

Сурет reabilitaciya-narcozavisimih.ru сайтынан алынды

 

Категория: орта буын медицина қызметкерлерінің мақалалары | Добавил: психолог (05.04.2015)
Просмотров: 935 | Теги: райхан, мейірбикелік күтім, наркологиялық кеселдер, досаева | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]