Жаңа туған нәрестелерге мейiрбикелiк күтiм жасау өз бойына бiрнеше мәселелердi жинақтайды. Бұл кезде мейiрбикеде нәрестенiң ағзалары мен жүйелерiнiң қалыптасуы, құрылым, психосоматикалық даму ерекшелiктерi, баланың есiтуi мен көруiнiң дамуын, денелiк дамуын бағалау, ана сүтiмен қоректендiру, нәресте терiсiне күтiм жасау өзгешелiктерi туралы түсiнiк болуы тиiс.
Сондай-ақ мейiрбикелiк күтiмде қарын-iшек жолдары, гепато-билиарлық жүйе қызметтерiне, сарғаю құбылысына көңiл бөлiнедi.
Стационарлық жағдайдағы нәрестенi мейiрбикелiк зерттеу негiзгi принциптер мен алгоритмге сүйенiп атқарылады. Сондай-ақ мейiрбике бала өмiрiнiң алғашқы айларындағы денсаулық жай-күйi, бойының өсуi мен жалпы дамуы мәселелерi бойынша ата-аналарға кеңес бередi, оларды бала күтiмiне үйретедi.
Баян Қазтаевна ЕГИЗБАЕВА,
мейірбике,
нәрестелер бөлімшесі,
облыстық балалар ауруханасы
Сурет medicclub.ru сайтынан алынды
|