Қызылорда облысы медицина қызметкерлерінің сайты


Дәрігер мен мейірбике мақалалары


Нәрестелер асфиксиясының алдын алу

Асфиксияның болжамы (прогнозы) жатырішілік зақымдану сипатымен, асфиксия ауырлығының дәрежесімен және ұзақтығымен анықталады. Асфиксияның І-ІІ дәрежесінде прогноз шарт бойынша оңтайлы. Асфиксияның ІІІ дәрежесіндегі прогноз көбіне жайсыз, балалардың 50% -і қайтыс болады, 20-30%-інде – түрлі неврологиялық бұзылыстар байқалады.
Алдын алу шаралары
- қыздардың болашақ аналардың ұрпақ өрбіту (репродуктивтік) денсаулығын қорғау;
- жүктілікті жоспарлау, әйелдер консультациясында ұдайы бақылауда болу, созылмалы жұқпа ошақтарын дер кезінде санациялау;
- жаман әдеттердің, кәсіби зияндылықтардың профилактикасы немесе олардан бас тарту;
- ұрықтың жатырішілік жұқпалануына және гипоксиясына жетелеуі мүмкін екі қабат әйелдердің кеселдерінің және патологиялық жағдайларының алдын алу, дер кезінде анықтау және емдеу;
- ұрық асфиксиясының болжамында жүкті әйелді дер мерзімінде ауруханаға жатқызу;
- бала босандыруды абайлап, аялы түрде жүргізу.

Турсункуль Убайдуллаевна САРИЕВА,
аға мейірбике,
нәрестелер реанимациясы және қарқынды терапия бөлімшесі,
“облыстық перинаталдық орталық” МКҚК

Сурет nebolet.com сайтынан алынды

 

Категория: орта буын медицина қызметкерлерінің мақалалары | Добавил: психолог (20.01.2015)
Просмотров: 1205 | Теги: турсункуль, алдын алу шаралары, нәрестелер асфиксиясы, сариева | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]