Қызылорда облысы медицина қызметкерлерінің сайты


Дәрігер мен мейірбике мақалалары


Миокард инфарктіндегі жалпы қан талдауының мәні

Қанның клиникалық талдауындағы өзгерістер жедел миокард инфарктінен (ЖМИ) соң 1-2 тәулікте пайда болады және лейкоцитозбен, лимфоцитопениямен және эритроциттердің шөгу жылдамдығының (ЭШЖ) артуымен байқалады.
Лейкоцитоз әсіресе 2-4 тәулікте барынша айқын білінеді, оның жоғары цифрларға жетуі мүмкін (15-20 мың) және бір аптадан соң қалпына келеді. Лейкоцитоз стресске жауап ретінде дамиды деп есептеледі (қандағы катехоламиндердің және глюкокортикоидтардың деңгейінің артуы) немесе бұл кардиомиоциттердің некрозы. Лейкоцитоздың біліну дәрежесі миокардтың зақымдану көлемімен корреляцияланады. Лейкоцитоз субфебрилитетке қарағанда жиірек ұшырасады.
Лимфоцитопения (лимфоциттердің саны лейкоциттердің жалпы санының 20%-інен кем) қандағы креатинфосфокинезаның МВ-фракциясымен бірге ЭКГ-дағы динамикасыз науқастарда ЖИМ-ын диагностикалауға ерік береді.
ЭШЖ көбіне миокард инфарктінің дамуынан соңғы 4-5 тәулікте артады және бірнеше апта, кейде айлар бойына жоғары күйде сақталуы мүмкін.      

Айман ЕНСЕПОВА,
лаборант,
“Қызылорда қалалық ауруханасы” ШЖҚ МКК

Сурет mag.103.by сайтынан алынды

 

Категория: орта буын медицина қызметкерлерінің мақалалары | Добавил: психолог (04.07.2015)
Просмотров: 756 | Теги: енсепова, экг, МВ-фракциясы, ЭШЖ, жим, айман | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]