Миокард инфарктiнiң ұстамасы бар адамға алғашқы көмек көрсетудiң өмiрлiк маңызы өте зор. Мұны жедел жқрдем келгенше жасайды.
Алғашқы және шұғыл көмек
1. Жедел жәрдем келгенше:
- науқасты денесiнiң жоғарғы бөлiгi көтерiңкi болатындай етiп жатқызу.
- денесiн қысқан киiмдi шешу немесе босаңсыту.
- терезенi ашу.
2. Жедел жәрдем келгенше науқастың жай-күйiн қадағалау:
- қан қысымын;
- жүректiң соғу ырғағын;
- тыныс алуын;
- науқасқа бiр таблетка аспирин және нитроглицерин беру.
Нитроглицерин iшкеннен соң жүректегi ауыру 30 минут iшiнде кетпесе оны қайталау. Сондай-ақ тыныштандырғыш дәрiлердi – валерьянканы немесе корвалолды iшкiзу. Жүрек кенеттен тоқтаса – жасанды тыныс алумен қатар жүректiң жанама массажын жасау. Бар уақытта науқастың жанында болу, оны жұбату, аласұрмау. Өйткенi миокард инфарктi бар науқас өлiм қорқынышын бойдан кешiредi.
Айжан АЛЖАНОВА,
мейірбике,
“Қожакент” ауылдық ауруханасы,
Жаңақорған ауданы
Сурет www.ja-zdorov.ru сайтынан алынды
|