Қызылорда облысы медицина қызметкерлерінің сайты


Дәрігер мен мейірбике мақалалары


Миокард инфаркті. Қауіп факторлары


 
Миокард инфарктінің дамуына ықпал ететін факторлар туралы сөз болғанда, ең алдымен жүректің ишемиялық кеселінің (ЖИК) даму қауіп факторлары ұғынылады.
ЖИК пен миокард инфарктінің даму қаупінің негізгі факторларын екі топқа бөледі:
- өзгерту мүмкін емес факторлар;
- түзетуге келетін факторлар.
Біріншісіне жыныс түрі, жас шамасы және ата-тек жатады. Белгілі болғандай, ер адамдар ЖИК-мен жиі ауырады, оларда дерт барынша жас кезде пайда болады. Қолайсыз ата-тек иеленгендерде қауіп арта түседі.
Өзгертуге келетін факторларға мыналар жатады:
- гиперхолестеринемия (қандағы холестериннің жоғары болуы);
- артериалдық гипертензия (жоғары қан қысымы);
- шылым шегу.
Ықпалы аздау факторлар:
- қант диабеті,
- төмен дене белсенділігі,
- семіздік,
- созылмалы стресс,
- алкогольді шектен тыс тұтыну. Бұл факторлар ескеріліп дерттің алдын алу шаралары құрастырылады.

 

Бипатыма НАЛТАЙХАН,
аймақтық мейірбике
“Амбулаториялық -емханалық қызметі бар
Жаңақорған аудандық орталық ауруханасы”
ЖШҚ МКК,
Жаңақорған ауданы

Сурет heart4life.com.ua сайтынан алынды

 

Категория: орта буын медицина қызметкерлерінің мақалалары | Добавил: психолог (20.01.2015)
Просмотров: 1251 | Теги: ЖИК, миокард инфаркті, налтайхан, бипатыма | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]