Қызылорда облысы медицина қызметкерлерінің сайты


Дәрігер мен мейірбике мақалалары


Микоздардың зертханалық нақтылануы

Зеңдік кеселдердің лабораториялық диагностикасы зеңді аңғаруға және оның тегі мен түрін анықтауға негізделген. Ол екі негізгі кезеңнен: микроскопиялық және културалдық зерттеулерден құралады.
Микроскопиялық зерттеу алдын ала диагнозды дәлелдеуге ерік беретін бірінші және маңызды болып табылады.
Микроскопиялық зерттеудегі жетістік көбіне патологиялық материалды дұрыс жинауға байланысты. Шашты зеңмен зақымдану белгілері көзге түсетіндей етіп (бозарған, сынған, жуандаған) таңдау керек. Сыртқы түрі өзгерген шаштарды эпиляциялық қысқышпен алады. Микроспориядағы зақымданған бірнеше шашты аңғару үшін Вуд сүзгісі бар люминисценттік шамды қолдануға болады (жасыл-көкшіл сәуле шашу).
Микроспория мен трихофитияда зақымданған шашты зерттеуде споралардың орналасу ерекшеліктеріне (шаштың ішінде немесе сыртында) және олардың өлшеміне көңіл аударылады.
Бұл деректер кейбір жағдайларда диагнозды, микоздың клиникалық түрін және эпидемиологиясын нақтылауға мүмкіндік береді.
Заттық шыныға КОН 30% ерітіндісінің аздаған тамшысы жағылады және оған препаровалдық ине арқылы зақымдануы бар шаш қойылады. Шаш бар тамшы спиртовканың жалынында аздап қыздырылады. Жабынды шынымен жабылғаннан соң сілтінің артығы сорғыш қағазбен алып тасталады. Препаратты алдымен микроскоптың кіші, одан соң үлкен (х400) ұлғайтуымен зерттейді.
Културалдық диагностика зең културасын алу және одан кейінгі микроскопиялық зерттеуге негізделген.       

Күміскүл Коблановна ТЛЕМИСОВА,
жоғары санаттағы баклаборант,
облыстық тері-венерологиялық диспансері

Сурет www.dermatolog4you.ru сайтынан алынды

 

Категория: орта буын медицина қызметкерлерінің мақалалары | Добавил: психолог (04.07.2015)
Просмотров: 880 | Теги: зертханалық нақтылау, күміскүл, микоздар, тлемисова | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]