
Мерездің (сифилистің) қауіпі ұрпақ өрбітер жастағы әйелдерге еркектермен салыстырғанда 2-2,5 есе жұғуы. Жүкті әйелдегі ұрықтың жұқпалануы 70-100% оқиғада кездеседі.
Жұқпаланған серіктеспен бір реттік жыныстық контакттың өзінде жұғу өте жоғары. Терісінде бөртпелері бар сырқат адам айналаға зарарлы.
Мерездің алдын алудың жалғыз жолы қарапайым. Ең бастысы әдеттегі гигиеналық негізгі және жалпыға ортақ ережелерін мұқият сақтау.
Ол үшін:
- сырқат адамға жеке гигиеналық бұйымдарды бөлу (тіс щеткасы, сабын, сүлгі, сақал алғыш және т.б.);
- жұқпаланған адам жеке ыдысты пайдалануы тиіс;
- жұқпаланған серіктеспен ешқандай жыныстық контактқа түсуге болмайды. Тіпті сүйісудің өзі қауіпті;
- мүшеқап бұл кеселден әрқашан қорғай бермейді.
Ең бастысы бейтаныс және таныстығы аздау адаммен кездейсоқ жыныстық қатынастан аулақ болу.
Егер күмәндану оқиғалары болса тез арада венеролог дәрігерге қаралып, маман кеңесін алған жөн.
Меруерт Нурлановна УРКИМБАЕВА,
мейірбике,
“облыстық тері-венерологиялық диспансер” ШЖҚ МКК
Сурет nebolet.com сайтынан алынды
|