Статистикалық деректер бойынша мектеп түлектерінің тек 3-4%-інде ғана мектеп аурулары анықталмаған.
Мектеп аурулары деп – 7-17 жастағы балалардың денсаулығындағы ауытқуларды айтады. Оны білім бағдарламаларынан зорығу, оқу процесінің, тағамдану режімінің бұзылуы және стресстер шақырады. Оқушылардың арасында кең тараған кеселдер қатарына жақыннан көргіштік, омыртқаның қисаюы, гастрит және невроз жатады.
Бала организмі әлі дамиды, сондықтан ересек адамға қарағанда кеселдер тезірек үдейді. Кесел белгілері біліне басталысымен оны дәрігерге бірден қарату керек.
Кіші сыныптардан бастап балалар көз жанарының төмендеуінен жапа шегеді. Дәрігер-офтальмологтардың айтуынша әрбір 5-6-шы оқушыға көзілдірік жазылып беріледі.
Жанардың мұндай күрт нашарлауының бірнеше себептері бар. Ең алдымен балаға мектепте үлкен жүк түседі. Балалар көп оқиды және жазу жазады, олардың көздері ұдайы кернеуде болады. Сондай-ақ үйінде де үй тапсырмалары күтіп тұрады, оларға 2-3 сағат емес, кейде 4-5 сағат кетеді. Баланың тынығуға уақыты қалмайды.
Тағы бір фактор – мектептегі жарық. Мүлтіксіз жағдайда жарықтың табиғи болуы және сол жақтан түсуі қажет. Оқушылардың бәрі терезенің қасында отыра алмайды. Сондықтан люминисценттік шамдардың қосылуы тиіс.
Сонымен қатар статистика бойынша оқушылардың 45%-іне жуығында асқазан-ішек жолдарының дерттері, әсіресе гастрит болатыны белгілі.
Сондай-ақ 10 баланың 8-інде омыртқаның қисаюы анықталады. Мұның себебі партада дұрыс отырмау және ауыр сөмкелерді арқалау.
Кунсулу Камаловна КУДАЙБЕРГЕНОВА,
мектеп мейірбикесі,
№253 орта мектеп
Сурет www.baby-today.ru сайттан алынды
|