Қызылорда облысы медицина қызметкерлерінің сайты


Дәрігер мен мейірбике мақалалары


Мейірбикелік күтімнің негізгі принциптері

Мейірбике сырқатқа күтім жасағанда төмендегі принциптерге сүйенуі тиіс:
1. Жарақаттанудың алдын алу – бұл пациенттің қауіпсіздігін қамтамасыз ету болып табылады.
2. Құпияны сақтау (пациенттің жеке өмірінің деректері топта, асханада жолдастармен бірге талқыланбайды, яғни бұл бөгде адамдарға мәлім болмауы тиіс).
3. Ар-ұждан сезімін құрметтеу (барлық процедуралар пациенттің келісімі бойынша орындалады, егер қажет болса, науқас оңаша қалдырылады).
4. Қарым-қатынас (пациентті және оның отбасы мүшелерін әңгімеге тарту, онда болатын процедураның барысын және толықтай алғанда күтімді талқылау).
5. Тәуелсіздік (әрбір пациенттің өз бетінше әрекет етуін қуаттау).
6. Жұқпалық (инфекциялық) қауіпсіздік.
Стационар жағдайында мейірбикеге “қозғалу” қажеттілігін қанағаттандыру бұзылыстары бар пациенттерге күтімді жүзеге асыруға тура келеді. Мұндай пациенттер қарқынды мейірбикелік күтімді талап етеді.

Маржанкүл Оралбайқызы КЕМЕЛОВА,
мейірбике,
терапевтік бөлімше,
“Амбулаториялық-емханалық қызметі бар
Қармақшы аудандық ауруханасы” ШЖҚ МКК,
Жосалы қыстағы,
Қармақшы ауданы

Сурет www.abia-spb.ru сайтынан алынды

 

 

Категория: орта буын медицина қызметкерлерінің мақалалары | Добавил: психолог (24.03.2015)
Просмотров: 1628 | Теги: мейірбикелік күтім, маржанкул, негізгі принциптері, кемелова | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]