Дәрiгерлiк модельге сәйкес адам (пациент) ағзалар (жүрек, өкпе, қарын және с.с.) мен физиологиялық жүйелер (тыныс алу, ас қорыту және с.с. жүйелер) жиынтығы ретiнде елестетiледi.
Адамның әлеуметтiк мiнез-құлқы және психологиялық мiнез-құлық ерекшелiктерi организмнiң физиологиялық және биохимиялық жүйелерiнде өтетiн өзгерiстердiң салдары болып есептеледi. Мұндай тұрғыда адам тек дерттi пассивтi бастан кешiрушi ретiнде қарастырылады. Мейiрбикелiк араласу бағытын мейiрбике емес, керiсiнше дәрiгер анықтайды. Сондай-ақ ол белгiлi бiр ағзалар мен жүйелер қызметiнiң бұзылысына ғана байланысты болады: мысалы, ентiгу, жөтел, iш қату және с.с.
Күтiм мақсаты организмнiң нақты физиологиялық немесе анатомиялық жүйелерiндегi патологиялық өзгерiстердi жоюда (азайтуда). Шарт бойынша күтiм мақсатын дәрiгер анықтайды, демек мейiрбикенiң рөлi дәрiгер көмекшiсi болу (дәрiгердiң жанында болу). Өкiнiшке орай мейiрбикелiк күтiмнiң бұл моделi елiмiзде ұзақ уақыт қолданылып келдi.
Айжан АЛЖАНОВА,
мейірбике,
“Қожакент” ауылдық ауруханасы,
Жаңақорған ауданы
Сурет www.helios-kliniken.de сайтынан алынды
|