Қызылорда облысы медицина қызметкерлерінің сайты


Дәрігер мен мейірбике мақалалары


Мейірбикелік істегі қарым-қатынас жасау шеберлігі

Қарым-қатынас (коммуникация) жасай білу мейірбикенің іс-әрекетінің ықпалды қатынасы үшін аса қажет ептіліктердің бірі. Ол пациентпен, оның отбасымен, дәрігермен және басқа мамандармен өзара әрекет етуі үшін өте керек.
Қарым-қатынас жасаудың үш деңгейі болады:
1. тұлғашілік – жұмыс кезінде өзімен-өзі;
2. тұлғааралық – екі немесе одан да көп адамдар арасында;
3. қоғамдық – бір адамның үлкен аудиториямен қатынасы.
Қарым-қатынас каналдары:
- ауызша сөз – алушы оны есітеді;
- сөзсіз хабарлама – мимика, ым-ишараттар, кейіптер, әрекеттер – алушы оны көреді;
- жазбаша хабарлама – алушы оны оқиды.
Қарым-қатынастың вербалдық (сөздік) және вербалдық емес (сөзсіз) болуы мүмкін.
Вербалдық қатынасты ықпалды ету үшін:
- баяу сөйлеу, жақсы баяндау, қарапайым қысқа сөз тіркестерін қолдану керек;
- мамандыққа байланысты терминологияны қолданбау;
- қатынас үшін қолайлы уақытты таңдау;
- өзіңізді дұрыс түсінгеніне көз жеткізу.
Жазбаша қатынас ұқыпты жазылғанда, әріптердің дұрыс өлшемі мен түсі таңдалғанда, сауатты жазылғанда, түсінікті және қарапайым сөздерді қолданғанда ықпалдырақ болады.
Пациентпен сөзсіз (вербалдық емес) қатынас жасауда мейірбикенің сыртқы түрі мен бет әлпетінің білінісі үлкен рөл атқарады.     

Зухра Тажимуратовна ЖАРМАГАНБЕТОВА,
мейірбике,
«Жетес би» ауылдық емханасы,
Әйтеке би кенті,
Қазалы ауданы

Сурет programyteam.weebly.com сайтынан алынды

 

Категория: орта буын медицина қызметкерлерінің мақалалары | Добавил: психолог (19.08.2015)
Просмотров: 1764 | Теги: Зухра, жармаганбетова, мейірбикенің қарым-қатынасы | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]