Стерилизация – бұл микроорганизмдердің барлық түрлерін, олардың дамуының барлық сатысында жою болып табылады. Жара бетімен жанасатын, қанмен немесе инъекциялық препараттармен контактта болатын барлық заттар, сондай-ақ шырышты қабыққа тиетін және оны зақымдауы мүмкін барлық диагностикалық аппаратуралар стерилизациялаудан өтуі тиіс.
Медициналық аспаптарды термикалық, яғни ыстықпен зарарсыздандыруда бу мен ауа қолданылады. Суық зарарсыздандыруға химиялық және радиациялық тәсілдер жатады.
Стерилизацияның химиялық тәсілінде (суық әдісте) газ қолданылады. Бұл әдіспен оптика, кардиостимуляторлар, полимерлік материалдар және т.б. зарарсыздандырылады.
Басқа әдістерді қолдану мүмкін болмағанда химиялық ерітінділер – стерилянттар пайдаланылады.
Гулсара Абдрахмановна ДАРМЕНКУЛОВА,
мейірбике,
залалсыздандыру бөлімшесі,
облыстық медицина орталығы
Сурет www.polimedikor.ru сайтынан алынды
|