Қызылорда облысы медицина қызметкерлерінің сайты


Дәрігер мен мейірбике мақалалары


Медицина қызметкерлерінің қауіпсіздігін қамтамасыз ету

Науқас организмінің қанымен және басқа сұйық орталарымен, В гепатитінің вирусы, АИТВ жұқпасы және басқа да жұқпалық агенттердің берілуі мүмкін. Патологиялық миркоорганизмдердің адам организміне микрожарақаттар, терідегі сызаттар арқылы енуі ықтимал.

Сол себепті мейірбикенің қорғаныс құралдарын (халат, алжапқыш, қолғаптар, маска) пайдаланғаны абзал.
Қолдағы барлық сызаттарды, жарақаттарды жұмыс басталар алдында су өтпейтін жапсырмалармен жасырады.
Тері мен шырышты қабықтармен контакт өткен манипуляцияларды орындаудан соң дезинфицирлеуші ерітіндіні, ол жоқ болса сабынды қолданып мұқият жуу, одан кейін спиртпен өңдеу қажет.
Қолғаптарды дезинфекциялық ерітіндіге батырады.
Инъекциядан соң инеден укол алудан сақтану үшін оған қақпағын кигізбейді. Қолданылған инелер мен шприцтерді тесілмейтін контейнерде залалсыздандырушы ерітінділерге салады.

Жумакул Алжановна КАПСАНОВА,
инфекциялық бақылау мейірбикесі,
“Амбулаториялық-емханалық қызметі бар
Жалағаш аудандық ауруханасы” ШЖҚ МКК,
Жалағаш ауданы

Сурет www.epochtimes.ru сайтынан алынды

 

Категория: орта буын медицина қызметкерлерінің мақалалары | Добавил: психолог (30.03.2015)
Просмотров: 1487 | Теги: капсанова, медицина қызметкерінің қауіпсіздігі, жумакул | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]