Қызылорда облысы медицина қызметкерлерінің сайты


Дәрігер мен мейірбике мақалалары


Медицина қызметкерінің жеке гигиенасы

Медициналық мамандық арнайы білімдерден бөлек белгілі бір жеке қасиеттерді де талап етеді. Бұл қасиеттерді екі топқа бөлуге болады: медицина қызметкерінің жалпы санитарлық-гигиеналық мәдениетінде білінетін сыртқы қасиет және медицина қызметкерінің мінез-құлқында көрініс табатын ішкі қасиет.
Кез келген медицина қызметкерінің жеке бас гигиенасын сақтауы, өз денсаулығын қорғауы тиіс.
Бұл өзі үшін де және қызмет көрсетілетін науқастар үшін де қажет.
Күн режімін сақтау – жеке гигиенаның негізгі ережесі. Ұйқыға жатуды, одан оянуды, таңғы, түскі, кешкі ас ішуді бір және сол уақытта жасау керек. Ақыл-ой еңбегін дене еңбегімен кезектестіре отырып, еңбек ету мен тынығу сағаттарын дұрыс бөлген жөн.
Медицина қызметкерінің зиянды әдеттерге (темекі тарту, алкогольді шектен тыс тұтыну және т.б.) үйір болмағаны дұрыс.
Денсаулықты сақтау және кеселдердің алдын алу үшін дене шынықтырумен айналысып, спортпен шұғылдану және өз организмін шыңдауы қажет. Таңертеңгілік гимнастика жасаудың әдетке айналуы тиіс.
Медицина қызметкерінің өз денесінің тазалығына жете мән бергені абзал. Бетін, мойынын тәулігіне 2 рет жууы керек. Сондай-ақ күніне 2 рет шап аумағын жылы сумен жуғаны жөн. 
Қолға күтім жасауды да ұмытпаған дұрыс. Әсіресе хирургияда жұмыс істейтін медицина қызметкерлерінің қолдарын ластанудан сақтауы үшін үй жұмысын қолғаппен орындауы қажет.
Тырнаққа, шашқа және ауыз қуысына күтім жасау талапқа сай жүргізулі тиіс. 
Сонымен қатар медицина қызметкерінің сыртқы киіміне жете мән беріп, оның ыңғайлы, сыртқа тұрпайы болмауына көңіл аударуы керек.    

Аида Женисовна АБДИХАЛЫКОВА,
мейірбике,
“Достармед-Line” клиникасы ЖШС

Сурет www.5arts.info сайтынан алынды

 

 
Категория: орта буын медицина қызметкерлерінің мақалалары | Добавил: психолог (24.08.2015)
Просмотров: 5887 | Теги: абдихалыкова, аида, медицина қызметкерінің гигиенасы | Рейтинг: 1.8/4
Всего комментариев: 0
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]