Қызылорда облысы медицина қызметкерлерінің сайты


Дәрігер мен мейірбике мақалалары


Маскүнемдіктегі қоса тәуелділік белгілері

Араққұмарлық кеселі елеулі емдеуді талап ететін, ұзақ мерзімге созылатын дерт. Алкоголизмдегі қоса тәуелділікті де кесел деп атауға болады. Мұнда отбасы мүшелері алкогольді шектен тыс тұтынатын адаммен бірге, маскүнемдіктің барлық зардабын тартады.
Отбасындағы дағдарыс белгілері:
- жайсыздық (дискомфорт), алаңдау;
- эмоционалдық бұзылыстар;
- маскүнем адаммен өзара әсердің ықпалсыздығы;
- отбасы ішілік қатынастарға қанағаттанбау;
- шарасыздық сезімі;
- отбасылық проблеманы жасыру қажеттілігіне байланысты оның әлеуметтік оқшаулануы;
- отбасылық дәстүрдің күйреуі.
Қоса тәуелділік отбасы мүшелерінің бәріне, әсіресе балаларға үлкен сынақ болып табылады. Мұндай балалар құрбы-құрдастарының мазағына, келемежіне ұшырайды және болашақта олардың әлеуметтік бейімделуінде елеулі проблемалар туындайды.    

Нургуль Жаксыбаевна БАЗАРОВА,
мейірбике,
№4 наркологиялық бөлімше,
“облыстық наркологиялық орталығы” ШЖҚ МКК

Сурет opohmele.ru сайтынан алынды

 

Категория: орта буын медицина қызметкерлерінің мақалалары | Добавил: психолог (05.04.2015)
Просмотров: 825 | Теги: алкоголизмге қоса тәуелділік, базарова, нургуль, отбасындағы дағдарыс | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]