ЛСД-ні алғаш рет швейцарлық химик Альберт Хоффман 1938 жылы ашты. Бұл кездейсоқ, спорынья грибоктарының кейбір дәнді өсімдіктерде паразиттік өмір сүретін бірнеше спораларын иіскеген кезде болды. Ғалымдар әлдеқандай уақыт ЛСД-ны медициналық мақсаттарда, шизофренияны емдеу үшін зерттеді. Алайда, кейінірек препараттың организмге зиянды әсері дәлелденді. Бүгінде ЛСД-ны тек медициналық мақсатта ғана емес, сонымен қатар лабораториялық зерттеулерде пайдалануға тиым салынған.
ЛСД-ны спорыньядан алынатын лизергиндік қышқылдан синтездейді. Бүгінгі таңда ЛСД ең әсері күшті есірткі және иісі болмайды. Препарат капсула, таблетка күйінде және сұйық түрінде таратылады. ЛСД-ның ең кең тараған түрі, суреттері бар квадрат бөліктерге қиылған, ерітінді бойына сіңірілген қағаз, «марка». Сирегірек бұлшық етке немесе вена (көк тамыр) ішіне қолданылады. ЛСД-нің аздаған дозасы (20-30 микрограмм) адамның соңғы дозасы болуы мүмкін.
ЛСД-ны тұрақты тұтыну шизофренияға ұқсас психозға, есте сақтау бұзылуларына және абстрактті ойлау ауытқуларына, дезадаптацияларға жетелеуі мүмкін. Бұл ауытқуларды емдеуді маманданған психиатриялық бөлімшелерде жүзеге асыру қажет.
Жамал Акниетовна ЖАДИЕВА,
мейірбике,
№1 наркологиялық бөлімше,
“облыстық наркологиялық орталығы” МКҚК
Сурет ru.tsn.ua сайтынан алынды
|