Қызылорда облысы медицина қызметкерлерінің сайты


Дәрігер мен мейірбике мақалалары


Күн өтудің алдын алу. Мейірбике кеңесі

Күн өту миға зақым келтірумен қатар дененің ысуы, жүрек айнуы, құсу, кейде температураның 40оС-ге дейін көтерілумен, естен тану, құрысу болуымен бірге жүретін жағымсыз құбылыс.
Ыстық ашық күндері тердің булануына кедергі келтірмейтін жеңіл киім кию қажет. Басты жеңіл, түсі ашық бас киіммен немесе қолшатырмен қорғайды. Ыстық күндері бас киімді суға малып алған жөн. Көзге қоңыр көзілдірік тағады.
Ыстық ауа райында салқын (суық емес) сусындарды ұдайы ішкен жөн. Шөлді аздап тұз салынған немесе лимоны бар сумен, көк шәймен, шырынмен қандыруға болады. Шөл басу үшін кофе, сыра ішуге тиым салынады. Жатқан күйде күн ваннасын қабылдау кезінде басты сәл көтеріп, бетті қалпақпен немесе сүлгімен жапқан дұрыс.
Ашық күнде футбол, волейбол және басқа қозғалыстағы ойындарды ойнауға болмайды. Белсенді қимылдарда күн өту қауіпі арта түседі. Күн қайнап тұрғанда ұзақ жұмыс істемеу және күн астында болмау керек.

Куралай Турехановна ТУЛЕУОВА,
мейірбике,
“Қызылорда қалалық дәрігерлік жедел жәрдем” стансасы

Сурет health.obozrevatel.com сайтынан алынды

 

 

Категория: орта буын медицина қызметкерлерінің мақалалары | Добавил: психолог (18.03.2015)
Просмотров: 886 | Теги: күн өту, мейірбике кеңесі, тулеуова, Куралай, алдын алу | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]