Қызылорда облысы медицина қызметкерлерінің сайты


Дәрігер мен мейірбике мақалалары


Күн өтудегі шұғыл көмек

Күн өту – бұл тура күн сәулелері бас аумағына қарқынды әсер еткенде орталық нерв жүйесінің (ОНЖ) бұзылыстарын шақыратын патологиялық жағдай. Оның күн астында болу кезінде де немесе инсоляциядан соң бірнеше сағаттан кейін де дамуы мүмкін.
Зардап шегушілерді мыналар мазалайды: жалпы дімкәстану, діңкелеу сезімі, бас ауыруы, бас айналу, жүрек айну мен құсу, тамыр соғысының жиілеуі, кейде мұрыннан қан кету, қан қысымының төмендеуі, дене қызуының жоғарылауы және с.с.
Шұғыл көмек
- зардап шегуші көлеңкеге немесе салқын орынға шығарылады;
- таза ауаның келуі қамтамасыз етіледі;
- денесінен киімі шешіледі;
- ішуге салқын су беріледі;
- басына және шап аумақтарына компресс немесе мұз қойылады;
- ауыр жағдайларда ауруханаға жатқызылады.  

Дамир Шарапатович БАТИШЕВ,
фельдшер,
“Апаттар медицинасының темір жол госпитальдары” АҚ-
“Қызылорда темір жол ауруханасы”

Сурет www.pervayapomosh.com сайтынан алынды

 

Категория: орта буын медицина қызметкерлерінің мақалалары | Добавил: психолог (12.04.2015)
Просмотров: 818 | Теги: күн өту, Дамир, батишев, шұғыл көмек | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]