Күн өту – күн астында ұзақ болу мен күн сәулесінің басқа тура әсерінен туындайтын организмнің ысуы.
Күн өткен адамда мынадай белгілер пайда болады:
- дене қызуының көтерілуі;
- тері жамылғыларының қызаруы;
- терлеудің күшеюі;
- тамыр соғысы мен тыныс алудың жиілеуі;
- бас ауруы, әлсіздік;
- құлақтың шыңылдауы;
- жүрек айну, құсу;
Ыстық ұзақ әсер еткенде дене қызуының 40оС-ге дейін жоғарылауы, естен тану мен құрысудың пайда болуы мүмкін. Кейде терінің І-ші және ІІ-ші дәрежедегі күюі байқалады. І-ші дәрежедегі тері күюінде тері жамылғылары қызарады, ал ІІ-ші дәрежеде қызарумен қатар теріде ішінде сұйығы бар көпіршіктер пайда болады. Күн өткен адамға алғашқы көрсетудің мәні зор. Бұл шаралар әркімнің қолынан келеді. Сондықтан медицина қызметкерлерімен қатар әрбір адамның алғашқы көмек көрсете білуі тиіс.
Рита Берикболовна ЖИЕНБАЕВА,
мейірбике,
“Қызылорда қалалық дәрігерлік жедел жәрдем” стансасы
Сурет www.kurgan-city.ru сайтынан алынды
|