Зақымдаушы факторларына байланысты күйіктер термикалыққа (ыстық сұйық, от жалын, қызған металл), электрлікке және химиялыққа бөлінеді.
Зақымдану тереңдігіне байланысты күйіктің 4 дәрежесі анықталады: І дәреже – терінің қызаруы және ісіну; ІІ дәреже – терінің қызаруы мен ісінуі жанында көпіршіктердің пайда болуы; ІІІ дәреже – терінің некрозы, ІV дәреже – тері мен теріасты клетчаткасының, бұлшықеттердің, сүйектердің некрозы.
Алғашқы көмек
Алғашқы қадам термикалық агенттің зақымдаушы әсерін тоқтатуға бағытталуы тиіс. Жанған киімді не тарту, не оның үстіне көрпеше тастап жабу керек. Одан соң киімді шешу емес, оны қиып алып тастайды. Термикалық күюде терінің тез салқындауы үшін оған суық су құяды.
Химиялық күйікте зақымданған теріні 10-30 минут бойына алдымен мол сумен, одан соң бейтараптандырушы ерітінділермен жуады; қышқылдардан күйгенде – сода ерітіндісімен, ал сілтілерден күйгенде – сірке су қышқылының әлсіз ерітіндісін қолданады. Зардап шегушіге 1-2 г ацетилсалицил қышқылы және 0,05 г димедрол беріледі. Күйік жараларына стерильді таңулар жасалып, ауруханаға тез жеткізіледі.
Гулбану Қасқырбайқызы МЕДЕУОВА,
кезекші фельдшер,
“жедел жәрдем” бөлімі,
“Амбулаториялық-емханалық қызметі бар
Жалағаш аудандық ауруханасы” ШЖҚ МКК,
Жалағаш ауданы
Сурет skoraya-03.com сайтынан алынды
|