Қызылорда облысы медицина қызметкерлерінің сайты


Дәрігер мен мейірбике мақалалары


Көздің бөгде затпен жарақаттануындағы алғашқы көмек

Көздің жарақатының себебі бөгде заттардың оған түсуінен болуы ықтимал: шыбын-шіркей, әйнектің сынығы, металлдың ұсақ бөлшектері, ағаш көсектері және т.б.
Көз алмасы көптеген нерв талшықтарын иеленеді, сондықтан көзге түскен ұсақ заттың өзі мықты жайсыздық (дискомфорт), ауыру сезімдерін шақыруы мүмкін. Оған қоса көз адамның аса нәзік және сезімтал ағзасы. Сол себепті қасаң қабыққа немесе жоғары қабықтың шырышты қабатына түскен ұсақ заттың өзі оны зақымдап, іріңді жұқпамен асқыну жағдайында көздің семуіне жетелейді.
Алғашқы көмек
Көздің елеулі енулі зақымдануында – басты міндет – қан ағуын тоқтату. Мұндай кезде көзге стерильді таңып-байлау жасап, зардап шегушіні тез арада офтальмологқа жеткізу қажет.
Өйткені көз – жұп ағза, сау көздің қозғалысы зардап шеккен көздің қозғалысын шақырып жарақатты ұлғайтуы мүмкін. Сондықтан егер жедел жәрдемді күтуге немесе көрмейтін науқасты көлікпен жеткізуге мүмкіндік болса – екі көзге де таңып-байлау жасау қажет.
Еш жағдайда көзден бөгде денені алып тастауға тырыспау керек. Мұның қан кетуді күшейтуі ықтимал.
Сондай-ақ алғашқы көмек көрсету кезінде:
- көзді уқалауға жол бермеу;
- стерилді салфетканың ұшымен бөгде затты алып тастау;
- көзді таза ағын судың мол көлемімен жуу;
- көзге қабынуға қарсы көз тамшыларын тамызу;
- бірінші мүмкіндіктің өзінде жарақаттық бекетке қаралу керек.
Бұл ұсыныстар көзге тек үшкір емес ұсақ заттар түскенде ғана жарамды. Егер көзге әйнектің сынығы, металлдың ұсақ бөлшектері түссе, оны өз бетінше алып тастауға болмайды.
Бұл кезде жедел жәрдем шақыру немесе жарақат бекетіне көріну қажет.          

Гулмира АСКАРОВА,
мейірбике,
офтальмологиялық кабинет,
“№3 қалалық емхана” ШЖҚ МКК

Сурет ladyvenus.ru сайтынан алынды

 

Категория: орта буын медицина қызметкерлерінің мақалалары | Добавил: психолог (27.08.2015)
Просмотров: 2303 | Теги: гулмира, көздің жарақаты, алғашқы көмек, аскарова | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]