Қызылорда облысы медицина қызметкерлерінің сайты


Дәрігер мен мейірбике мақалалары


Көз ауруларының профилактикасы

Көз жанарының мүлтіксіз болуы және көз ауруларынан бой тасалау үшін оның алдына алу шараларын жүргізу қажет.
Бүгінгі таңда көзді түрлі дерттерден сақтаудың көптеген әдістемелері мен техникалары бар. Алайда ең ықпалды және ең дұрыс үш ережені әркімнің білуі тиіс.

Көзге арналған жаттығулар.
Біз ұйқыдан оянғанда көзімізді ашамыз және ұйықтауға жатқанда көзімізді жұмамыз. Көзіміз он екі сағаттан астам уақыт сыртқы әлемді көреді. Оған түрлі ақпараттарды қарауға тура келеді, ал бұл ол үшін күшті кернеу және үлкен жүк.
Қазір ересектер де, балалар да компьютердің мониторына ұдайы үңіліп отырады. Олардың қорғаныс экрандарының болғанына қарамастан бәрібір көзге және толықтай жанарға теріс әсер береді. Сол себепті компьютерде жұмыс істеген әрбір сағаттан соң көзді тынықтыру керек. Көзге арналған гимнастиканы ұдайы жасап отыру шаршауды басып, көз бұлшықеттерін жаттықтырады.
      
Кітап оқу.
Жұмысқа барар жолда, қоғамдық көлікте кейде кітапқа шұқшия үңілген адамдары кездестіруге болады. Кітап, журнал, газет оқу - әрине, өте жақсы. Дегенмен, көз жанарын да ұмытпаған жөн. Көлікте, автобус секірген, қалыпты жарық болмаған кезде жолаушылар кітапты көзіне тікелей тақап ұстайды. Бұл көзге аса зиян. Қалыпты оқу үшін кітаптың көзден 40 см алыс болғаны дұрыс. Мұндай оқуда өз алмасы деформацияға ұшырамайды.

Гимнастикалық процедуралар.
Салауатты өмір салты мен гимнастикалық процедуралар көзге өте пайдалы. Спорттың (жүгіру, суда жүзу, гимнастика) денеге ғана емес, көзге де маңызды екенін есте ұстаған абзал.

Дұрыс тамақтану.
Алдындағылардан басқа көз үшін тамақ рационына көкөністерді, жемістерді, жасыл өсімдіктерді қосқан жөн. Бұл көзді дәрумендермен, микроэлементтермен байытады.        

Гулмира АСКАРОВА,
мейірбике,
офтальмологиялық кабинет,
“№3 қалалық емхана” ШЖҚ МКК

Сурет www.nazdor.ru сайтынан алынды

 

 

Категория: орта буын медицина қызметкерлерінің мақалалары | Добавил: психолог (27.08.2015)
Просмотров: 1553 | Теги: гулмира, көз ауруларының профилактикасы, аскарова | Рейтинг: 5.0/1
Всего комментариев: 0
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]