Қызылорда облысы медицина қызметкерлерінің сайты


Дәрігер мен мейірбике мақалалары


Көктамырдан қан кету. Алғашқы көмек

Егер қан қоңыр-қызыл, қоқшыл түсті болып және жарадан баяу немесе тыныс алумен бірдей бүлкілеп ақса онда венадан (көктамырдан) қан кетуінің болғаны.
Ірі көктамырларының (сан, бұғана асты) қан кетуі науқастың өміріне тез қан жоғалту және ауа эмболиясының болу мүмкіндігімен қауіпті.
Аспирин қабылдаудан қан қысымының жоғарылауынан болған қан кетулер ұзақ уақыт тиылмауы мүмкін, сондықтан оларды ауруханаға жатқызу қажет. Көктамырдан қан кетудегі алғашқы көмектің мәні басыңқы таңу, суық қою және қол-аяқтардың жоғары кейіпін сақтау.
Алғашқы көмек
Басыңқы таңу мен суықпен әсер ету. Басыңқы тағу жарадан төмен жерде атқарылады. Өйткені венадағы қан шеткі қан тамырларынан жүрекке көтеріледі. Мұндай таңу бірнеше стерильді дәкелік сулықтардан немесе орауы ажыратылмаған дәкеден тұрады. Олардың үстіне бұрама немесе эластикалық бинт қойылады. Веналық бұраманың дұрыс салынғанына қан ағуының тоқтауы, бірақ қысу орнынан төмен жердегі тамыр соғысының сақталуы куә бола алады.Жара таңғыштың үстіне қан ағу көзінің проекциясымен мұзы бар қауақ қою немесе суық су құйылған жылытқыш басу пайдалы. 30-40 минуттен соң сулықты 10 минутке бұл аумақтағы жалпы қан ағуын қалпына келтіру үшін алып тастау пайдалы. Егер қан кету қол-аяқтарда болса, оларға жоғарылатылған кейіп беріледі.
Мұрыннан қан кеткенде мұрын қанаттарын оны бөлетін пердеге қысады, оның алдында 3 пайыз сутек тотығы ерітіндісіне батырылған мақта қойған дұрыс. Мұрын белдеуіне немесе желкеге суықты 3-4 минут уақытқа қояды. Қан тоқтау үшін 3-4 мин үзіліс жасайды. Басты шалқайтудың қажеті жоқ, өйткені қан жұтыншақтың артқы жақтауымен ағуы мүмкін.

Калдыгул Тугельбаевна БЕЛГИБАЕВА,
шақыру фельдшері,
“Қызылорда қалалық дәрігерлік жедел жәрдем” стансасы
   
 
Сурет spokoino.ru  сайтынан алынды

 

 

Категория: орта буын медицина қызметкерлерінің мақалалары | Добавил: психолог (16.03.2015)
Просмотров: 3206 | Теги: көктамырдан қан кету, калдыгул, алғашқы көмек, белгибаева | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]